Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ШИЕЛІДЕ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

ШИЕЛІДЕ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚКезінде аграрлы аймақ саналып келген өңірде қазір өндіріс те өркен жая бастады. Биыл Өңірлік индустрияландыру картасына Шиелі ауданынан құны 29 млрд. 491 млн. теңгенің 2 жобасы енгізілді.
«Daneke» Корпорациясы» ЖШС-ның жобалық құны 29 млрд. 341 млн. теңгенің цемент шығару зауыты құрылысы жобасы. Жылдық қуаттылығы 1 млн. тонна цемент өндіретін зауытта жаңа жұмыс орнымен 100 адамды қамтамасыз ету жоспарлануда. Қазіргі таңда Шиелі кентінің шығыс бөлігінен 46 га жер телімі табысталды.
Өңірлік индустрияландыру картасына енген екінші жоба «KazChinNur» ЖШС-ның жобалық құны 150 млн. теңгенің шағылтас және құрылыс бұйымдарын өндіру зауытының жобасы. Жылдық қуаттылығы 150 мың тонна құрылыс бұйымдарын өндіретін өндіріс орны (қиыршық тас, темір бетон бұйымдары) жаңа жұмыс орнымен 45 адам қамтамасыз ету жоспарлануда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: