» » СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар
СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫҚызылордада облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен «Облыстағы 2015-2016 жылдардың қыс-көктем мезгілдерінде болуы ықтимал су тасқының алдын алуға дайындық шараларының барысы туралы» Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның селекторлық отырысы өтті.
Күн тәртібінде 2015-2016 жылдардың қыс-көктем мезгілдерінде болуы ықтимал су тасқының алдын алуға дайындық шараларының барысы туралы мәселе қаралды. Мәжіліске Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы О.Бержанов қатысып,  департамент пен ҚР ІІМ ТЖК аумақтық құрылымдарының жеке құрамы мен техникаларының 2015-2016 жылғы су тасқыны мезгіліне дайындығы туралы баяндама жасады.
Жиналыс қорытындысында облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне, су шаруашылығы мекемелерінің басшыларына тиісті жұмыстарды атқару жөнінде тапсырмалар берді.