Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Әскерден жалтарғандар есімі БАҚ-та жарияланды

Әскерден жалтарғандар есімі БАҚ-та жарияландыБүгін қызылордалықтар әскерге шақырылған азаматтарды салтанатты түрде шығарып салды. Болашақ сарбаздар шекара қызметі, Ұлттық ұлан, төтенше жағдайлар қызметі сынды әскери құрылымдардың сан-салалы бағыттарына аттанды. Шараға арнайы келген облыс әкімі, аймақтық қорғаныс Кеңесінің төрағасы Қырымбек Көшербаев құттықтау сөз сөйлеп, отан қорғаушыларға үлкен сенім білдірді.
– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан» деген сөзі әрбір сарбаздың жүрегінен орын алады деп сенеміз. Алайда, өкінішке орай, өткен жылы түрлі себептермен әскер қатарынан жалтарған 1161 жерлесіміз анықталып, олардың аты-жөндерін жергілікті басылым беттеріне шығаруға мәжбүр болдық, - деген облыс әкімі болашақ сарбаздарға 86 жасында қазақтың жері үшін, елінің тәуелсіздігі үшін күресте жау садағының оғынан қаза тапқан батыр бабамыз Жанқожа Нұрмұхамедұлының ерлігін үлгі етті.
Айта кетейік, жылына орта есеппен көктемгі және күзгі шақырылымда республика бойынша 15 мыңға жуық жас буын әскерге аттанады. Ал биыл 1200-ден астам жас сарбаз Қызылорда облысынан Қарулы Күштер қатарына алынады.
Жиын барысында Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, генереал-майор Әлімжан Ерниязов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов және батыр ана Алмагүл Омарова болашақ сарбаздарға алдағы әскери борыштарын адал атқаруға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, іс-шара барысында әскери техникалар мен атыс қарулары және әскери жасақ бөлімдерінің көрмелері, атыс қаруын бұзып,қайта жинау машықтары көрсетілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: