Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҰСТАЗ-ҒАЛЫМНЫҢ 60 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында білім ордасында 25 жылға жуық қызмет етіп келе жатқан ұлағатты ұстаз, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, университеттің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Ибадулла Айғалиұлы Таутеновтің 60 жасқа толуына арналған Ғылыми кеңестің салтанатты мәжілісі өтті. 
Жиында университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Алдабергенұлы Бисенов мерейтой иесін құттықтап, білім беру ісіне сіңірген көпжылдық еңбегі үшін «Қорқыт Ата атындағы Алтын медальмен» марапаттады. Сонымен бірге, Қызылорда облысы әкімінің Құрмет грамотасын табыстады. Мерейтой иесі И.А.Таутеновтің өмір жолы мен ғылыми-педагогикалық қызметі туралы баяндама жасаған Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары, а-ш.ғ.д. Ә.М.Тоқтамысов ғалымның өнегелі өмірі мен ғылымдағы жетістігіне, адамгершілік қасиеті мен азаматтық болмысына тоқталды. 
 Жиын барысында мерейтой иесіне Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орындары басшыларының құттықтау хаттары тапсырылды. Ғылыми кеңес соңында алпыстың асқарына шығып, білім мен ғылымда да жарқын жетістіктерге жеткен ұстаз-ғалым И.А.Таутенов университет ұжымының зор қолдауы мен әріптестерінің ізгі ниеттеріне алғысын білдірді. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: