Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛДАЙТЫН КӨЛІК ИЕЛЕРІ ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН

ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛДАЙТЫН КӨЛІК ИЕЛЕРІ ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН2016 жылдың 11-14 қаңтар аралығында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында облыс көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шараның 1 күнінде жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзудың барлығы 436 дерегі тіркелді. Оның ішінде, көлік құралын мас күйінде басқару бойынша (608-бабы) – 5, көрінеу немесе жалған мемлекеттік белгісін тағып жүру бойынша (590-бабы, 4-бөлігі) – 2, техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқарғаны үшін (590-бабы, 9-бөлігі) – 17, көлік құралын басқару кезінде телефонды немесе радиостанцияны пайдалану бойынша (591-бабы)-88, белгіленген жүру жылдамдығын арттыру бойынша (592-бабы) – 27, қауіпсіздік белдігін тақпау бойынша (593-бабы, 1-бөлігі) – 112, маневр жасау қағидаларын бұзу бойынша (595-бабы) – 24, жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу (600-бабы) – 7, жол жүрісі қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан құқық бұзушылығы (606-бабы) – 5, басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы бойынша (612-бабы, 1-бөлігі) – 30, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін бұзуы бойынша (615-бабы) – 21 құқық бұзушылық анықталды.
Сонымен қатар, жолаушыларды тасымалдау қызметімен айналысатын көлік жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзудың 21  дерегі тіркелді. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: