» » ВЕЛОСПОРТШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

ВЕЛОСПОРТШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Айдар: Қоғам, Сонғы жаңалықтар
ВЕЛОСПОРТШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫАстана қаласында велоспорттан өткен Қазақстан чемпионатында қызылордалық велоспортшылар 8 медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді. 
Скретч сайысында ерлер арасында Роберт Гайнеев жеңімпаз атанса, Карим Бузин күміс жүлдені иеленді. Қыздар  арасында Жанұя Сейтова күміс, Виктория Пастарник қола жүлдені еншіледі. Спринт сайысында Артур Ералиев 2-орынды иеленді. Ал командалық спринтте Асылхан Тұрар, Артур Ералиев, Роберт Гайнеевтер қола жүлдегер атанса, топтық жарыста қыздар арасында Жанұя  Сейтова 1-орынды жеңіп алды. Ерлер арасында Роберт Гайнеев 3-орынға ие болды. 
Жарыс қорытындысында Қызылорда облысынан 5 спортшы үстіміздегі жылдың 24-28 қаңтарда Жапонияда болатын Азия чемпионатына жолдама алды. Олар: Карим Бузин, Артур Ералиев, Роберт Гайнеев, Жанұя Сейтова және Виктория Пастарник.№ 3 облыстық велоспорт жөніндегі олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіндежәне облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде  тәлім алатын спортшыларды жарысқа Берік Көпешов пен Руслан Ягафаров дайындады.