Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАРАЗЫҒА ТАРТЫЛДЫ

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАРАЗЫҒА ТАРТЫЛДЫҚызылорда қалалық мәслихатының мәжіліс залында V шақырылған қалалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс елу үшінші сессиясы өтті.
Жиынның күн тәртібінде «Аумақтық кеңесті құру және ережесін бекіту туралы», «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу» және «Қаланың құрмет грамотасымен наградтау ережесінің кейбір мәселелері» қаралды. Аталған мәселелер бойынша қала әкімінің орынбасары Айдын Қайруллаев хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Жиын барысында қаралған екінші мәселе – қала бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу үшін жаңадан орындар белгіленіп, өткізудің тәртібі бекітілді. Сондай-ақ, «Қызылорда қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы» ережеге сәйкес оған өз саласында кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі бар экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылым мен мәдениеттегі, білім беру және денсаулық сақтау сынды өзге де салаларда сіңірген еңбектерін ардақтау белгісі ретінде қала азаматтарымен қатар, шетел азаматтары да ие бола алады. Халық қалаулылары басқосқан жиында күн тәртібіне ұсынылған мәселелердің барлығы толықтай қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: