Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫҚазалы ауданындағы су тасқынына қарсы шұғыл ден қоюға құрылған азаматтық қорғау жасақ басшылары аудан әкімдігінің мәжіліс залына құлақтандыру жүйесі арқылы берілген сигнал бойынша жиналды. 
Жедел штаб құрамында азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері бар. 
Аудан әкімінің орынбасары А.Ақжігітов төрағалық еткен жедел штаб отырысында су тасқынының алдын алу және болдырмау жөнінде мәселелер талқыланып, жасақ басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Жиын барысында облыстық төтенше жағдайлар департаменті тарапынан әдістемелік сабақ өткізілді. 
Одан соң «Қазалы-Жолшы» ЖШС мекемесінің жанында азаматтық қорғау жасақтары сапқа тұрғызылып, оған 74 техника мен 227 жеке құрам жұмылдырылды. 
Оқу-жаттығуға Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы, подполковник С.Молдақараев, азаматтық қорғаныстар басқармасының аға офицері, капитан Б.Спанов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің техникалық нормалау бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Ш.Бердібаев қатысып, Қазалы ауданының азаматтық қорғау қызметі су тасқынының алдын алу шараларына дайын деген баға берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: