Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мемлекеттік сатып алуда кемшілікке жол берілген

Мемлекеттік сатып алуда кемшілікке жол берілгенҚызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ашық сот мәжілісінде талап қоюшы «Қызылорда қалалық құрылыс бөлімі» ММ-нің жауапкер «Энергомонтажстрой» ЖШС-гін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Тараптар арасында кіші наубайханаға электрмен қамту құрылыс жұмыстарын жүргізу міндеттелген және келісім шарт бойынша аталмыш нысанның құрылыс жұмыстары №161 келісім шарт бойынша тапсыру уақыты 2013 жылдың қараша айының 30 жұлдызында аяқталуы бекітіліп, жұмыс графигіне сәйкес жоспарланған. Алайда, жауапкер шартта көрсетілген мерзім ішінде міндетін орындамағаны үшін талапкер оны сотқа берген.     

Сот, істегі құжаттарды зерттеп, тараптардың түсініктерін және прокурордың талап арыз қанағаттандырылуға жатады деген қорытындысын тыңдап, талап арыз қанағаттандырылуға жатады деп шешім еткен.

Сондай-ақ, талап қоюшы мекеме мемлекеттік сатып алу туралы заңының талаптарын тиісті дәрежеде орындамай, заң бұзу фактісі сотта анықталуына байланысты алдағы уақыттарда мұндай заң бұзушылық фактісін алдын алу мақсатында жеке ұйғарым шығарылған.    

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: