Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРҒА ҚОСЫМША ӘҢГІМЕЛЕСУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРҒА ҚОСЫМША ӘҢГІМЕЛЕСУ ЖҮРГІЗІЛЕДІОблыстағы 31 колледжде аймақтың еңбек нарығына қажетті 97 мамандықтың 160 біліктілігі бойынша барлығы 22527 студент білім алуда.
Облыстың еңбек ресурстары балансына және жүзеге асырылып жатқан индустриалды-инновациялық жобаларға қажетті кадрларға деген сұранысқа сәйкес 23 жаңа мамандық ашылып, 17 мамандық бойынша мемлекеттік тапсырыс орналастыру тоқтатылды. Бұл туралы «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық білім басқармасы басшысы Бақытжан Сайлыбаев мәлімдеді. 
- Техникалық кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар даярлау екі деңгейде, яғни білікті жұмысшы кадрлар даярлау және орта деңгейдегі мамандар даярлау бойынша жүргізіледі, - деді Б.Сайлыбаев.
Сондай-ақ, мектептерде 5-10 сыныптардың оқу жоспарына «Кәсіпкерлік негіздері» факультативтік пәні енгізілген болатын. Облысымыздағы 41 мектеп-лицейлерде 5 сыныптан бастап, аптасына бес рет ағылшын тілін өткізу үшін пилоттық жобалар жасалып жатыр.Бүгінде мұғалімдер іріктелуде. Сонымен қатар, құқық қорғау органы оқушылардың ұялы телефондарын сақтап қоятын ұяшықтар жасауға ұсыныс берген болатын. Алайда, киім шешетін және ұялы телефондарды өткізетін уақытты есептей келе бұл талапты тиімсіз деп, тек әрбір мұғалімдерге қатаң тапсырма берілді. Айта кету керек, Биылғы ҰБТ-ға айтарлықтай өзгеріс енгізілмейді. Тек болашақ педагогтарға қосымша әңгімелесу жүргізілетін болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: