Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА 11 ЖАСАР ҚЫЗ БАУЫРЛАРЫН ӨРТТЕН ҚҰТҚАРДЫ

Қызылорда қаласы, М. Мәметова көшесі №12 жеке тұрғын  үйде өрт оқиғасы болды. Өрт 12 сағат 34 минутта оқшауланып, 13 сағат 25 минутта толығымен жойылды.    Бұл жөнінде Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.
Өрттің ауданы 64 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан 2-11 жастағы төрт бала көмір қышқыл газына уланып, облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Олардың арасынан 11 жасар Аружан бауырларын өрт сөндірушілер келмей тұрып, сыртқа шығарып үлгерді. Өртті жоюға Қызылорда облысы ТЖД «ӨСж/еАҚЖҚ»  ММ-нен 13 қызметкер мен 3 техника  жұмылдырылды.

ҚЫЗЫЛОРДАДА 11 ЖАСАР ҚЫЗ БАУЫРЛАРЫН ӨРТТЕН ҚҰТҚАРДЫ

 

ҚЫЗЫЛОРДАДА 11 ЖАСАР ҚЫЗ БАУЫРЛАРЫН ӨРТТЕН ҚҰТҚАРДЫ

 



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: