Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАЛЫДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫҚазалыда аудан әкімінің өкімімен 10 наурыз бен 10 мамыр аралығы көктемгі санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандырудың екі айлығы жарияланды. 
Айлық барысында ауданды абаттандыру, санитарлық тазалау жұмыстарына көңіл бөлініп, күл-қоқыстарды тазалау жұмыстарын жасау жоспарланып отыр. 
Бүгін қала, кент, ауылдық округтерде алғашқы сенбілік өтіп, оған 700-ге жуық адам қатысты. Барлық мекеме, білім беру ұйымдарының қызметкерлері орталық көшелер мен шет аймақтар аумағын қоқыс-қалдықтардан тазартты. Әсіресе, денсаулық сақтау саласының ұжымдары мен ұстаздар қауымы өте белсенділік танытты. 
Сондай-ақ, тазалық жұмыстарына арнайы техникалар да жұмылдырылды. Осылайша әрбір мекеме тазалық шарасына жауапкершілікпен қарап, қала тазалығына бей-жай қарамайтындықтарын дәлелдеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: