Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫҚармақшы ауданы әкімінің өкімімен 10 наурыз бен 10 мамыр аралығы ауданда санитарлық тазалық, көркейту және көгалдандыру айлығы жарияланды. Осыған орай кент, ауылдық округтерде алғашқы жаппай сенбілік өтті. 
Жыл сайын дағдылы түрде ұйымдастырылатын тазалық айлығы аясындағы сенбілікке әдеттегідей мекеме-кәсіпорындар ұжымы, білім беру ұйымдары мен жастар, және кент тұрғындары еңбек майданына белсене қатысып, кентті түрлі қалдықтардан тазартып, ағаштарды әктеу жұмыстарын жүргізді. Жалпы, аудандағы тазалық және көгалдандыру жұмыстарына 600 ге жуық адам ат салысты. Аталмыш екі айлық барысында аймақтарды тазалау жұмыстары, тал отырғызу, гүлзарлар мен гүл егу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, бұралқы ит пен мысықтарды аулау жұмыстары да қатар жүретін болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: