» » НАУРЫЗ ҚАРСАҢЫНДА ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

НАУРЫЗ ҚАРСАҢЫНДА ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар
НАУРЫЗ ҚАРСАҢЫНДА ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫҚызылорда қаласында ауыл шаруашылық өнімдері және азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық округтердегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қала кәсіпкерлерінің қатысуымен өткізілген жәрмеңкеге жалпы көлемі 18 млн. 500 мың теңгені құрайтын, 94,5 тонна ауыл шаруашылық және азық-түлік өнімдері әкелінді. Қаламыздың орталығы Толыбеков көшесінің бойына ауыл шаруашылығы және күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері тиелген 60-тан астам көлік орналастырылды. Қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы жәрмеңкені арнайы келіп аралады. Ұсынылған өнімдердің бағасы базар бағасынан 15-20 пайызға арзан. Жермеңке барысында қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарламалар халық назарына ұсынылды.