Бүгін Арал ауданына жұмыс сапарымен Облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы және облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев келді.
Алдымен білім саласындағы атқарылған шаруаларды тыңдау, өзекті сауалдарға жауап беру мақсатында №262 мектепте ұстаздармен жиын өткізді. Жиынды аудан әкімі Абзал Мұхимов ашып, жүргізіп отырды.
2015-2016 оқу жылында Арал ауданында атқарылған жұмыстар туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Дабылов баяндама жасады. Сондай-ақ білім басқарамасының басшысы Б.Сайлыбаев қосымша сөз сөйлеп, білім саласының деңгейін көтеретін маңызды сын ҰБТ-ның биылғы жаңалықтарымен таныстырды. Жиынды қорытындылаған Рауан Кенжеханұлы мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып, бірқатар тапсырмалар жүктеді.