Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЗӘРУ АЗАМАТТАРҒА БЕРІЛЕДІ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЗӘРУ АЗАМАТТАРҒА БЕРІЛЕДІБүгін, 12 сәуірінде облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Аманжол Алдажаров БАҚ өкілдеріне брифинг берді. 
Онда өңірдегі әлеуметтік көмек көрсету және оны оңтайландыру барысы бойынша (84-қадам) атқарылған 
Әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру Президент ұсынған маңызды құжаттың 84 қадамында тапсырылған. 
Осыған байланысты әлеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берілуі тиіс. 
2016 жылдан 1 қаңтарынан бастап шартты ақшалай көмек (әрі қарай - ШАК) көрсету бойынша әлеуметтік көмек көрсету жүйесінің жаңа моделі облыстың барлық аудандарында енгізілді.
Пилоттық жобаны іске асыруға жергілікті бюджеттен 36,7 млн.теңге қаражат бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 12 млн. тенге. 
2016 жылдың 1 сәуіріне отбасының әлеуметтік белсенділігін арттыру бағытында келісім шарт жасасу негізінде 460 адамға (84 отбасы) 4,7 млн. теңге ШАК тағайындалды. Есептік кезенге ШАК 301 адамға 2,1 млн. теңгеге төленіп отыр. Төленген шартты ақшалай көмектін орташа айлық мөлшері 3534,8 теңгені құрайды.
ШАК алушылардың жалпы санынан басым бөлігін 18 жасқа дейінгі балалар құрайды (65,4%), мүгедектер (0,2%), студенттер (1,3%), бала күтіміндегілер (7,4%) және еңбекке жарамды адамдар (25,2%)
Жасалған әлеуметтік келісім шарт негізінде ШАК алушылар қатарындағы еңбекке қабілетті жастағылар жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне қатыстырылды. Жоба шеңберінде 64 адам тұрақты, 62 қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: