Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

КОНДИТЕРЛІК ЦЕХТЫҢ ӨНІМДЕРІ СҰРАНЫСҚА САЙ

КОНДИТЕРЛІК ЦЕХТЫҢ ӨНІМДЕРІ СҰРАНЫСҚА САЙШиелі кентіндегі кондитерлік цехының өнімдері үлкен сұранысқа ие. 
Онда тәттілерден бөлек нан өнімдерінің бірнеше түрлері күнделікті дайындалып, сауда орындарына жөнелтіліп жатады. Тандыр нан және де тапсырысқа сай тоқаштар мен бөлкелердің бірнеше түрі тұтынушылар талабынан шығып келеді. Отандық өнім өндіру мекемесінде ашылған күннен бері еңбек ететін Мәдина Исмайлова, Гүлнар Мұқашева, Фарида Тәшімова, Ұлжан Әбішбаевалар ауысым арқылы өндірісті жұмысын тоқтатпай, шеберліктерін шыңдау үстінде. Оларға қажет кезде Ақерке есімді және бір шебер көмеккке келеді. Өйткені, күнделікті өндірілетін өнімнің сыртында мейрамханалар мен дәмханалардан щұғыл тапсырыстар түсіп жатады. Сондай-ақ, жеке отбасылар немесе мекемелерден де аталған кондитерлік цехының өнімдеріне құштарлық танытатындар табылып жатады.
– Тәтті печеньелердің де бірнеше түрінің қалыптары бар, оларды да сұранысқа сай, сапалы етіп дайындап береміз. Ал адам көп еңбек ететін өндіріс орындары да біздің жапқан бөлкелер мен таба нандарымызды, тәуір көреді. Өйткені, баға оншалықты қымбат емес бастысы – сапасы мен тазалығы. Тұтынушы алдында ұятқа қатып, сенімсіз болмасақ екен деймін, – деп ағынан жарылды кондитерлік цехын ашу жобасының авторы және ақылшы ұстазы Ғалия Сүлейменова. Цех 2004 жылдан бері жұмыс істеп, тұтынушыларына өз өнімдерін ұсынып келеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: