Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚАЗАЛЫДА ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІҚазалы ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін белгілеуге сәйкес 33 түрлі азық–түлік өнімдері бағаларына күнделікті мониторинг жүргізілуде. 
Ал «Әлеуметтік сауда» дүкенінде азық–түліктер нарықтан 10-15 % арзан бағада сатылуда. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Нажмадин Шамұратовтың төрағалығымен өткен дағдарысқа қарыс штаб отырысында баяндалды. Сондай-ақ, аудан тұрғындарын көкөніс, картоп, бақша өнімдері, жем-шөппен қамтамасыз ету және баға тұрақтылығын қалыптастыру мақсатында ауылшаруашылығы жәрмеңкелері жиі өткізілуде.
Бұл мәселеге байланысты аудан басшысы азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерінің бағаларын негізсіз өсірмеу мақсатында құрылған жұмысшы топтың жұмысын қайта жандандыруды тапсырды. Штаб отырысында бұдан бөлек «Дипломмен ауылға» бағдармасының жүзеге асырылуы, ауылдық округтерде ауылшаруашылығы кооперативтерін құру, мекемелердегі жұмысшылардың жұмыстан қысқаруы және жалақы қарыздарын болдырмау туралы мәселелер талқыланды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: