Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БІРЛІК МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

БІРЛІК МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛҚылмыстық атқару жүйесі департаментінің жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Қазақстан халқының достығы мемлекет тұғыры» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет майоры Талғат Тұрсынбаев 1 мамыр еліміз үшін ынтымақ пен бірліктің, этностар арасындағы татулық пен достықтың мерекесі екендігін айтып өтті. Кездесуде «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастарды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Ержан Уәйіс: Ассамблеяның рөлі мен маңыздылығы, тарихи қалыптасуы мен қоғамдағы орны, ассамблея аясында облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарына, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасының Қазақстан халқы ассамблеясының «Үлкен Ел- Үлкен Отбасы» жобасын жүзеге асыруда атқарылатын іс-шаралар жоспары, этностар арасында мемлекеттік тілді дамытуда өз үлестерін қосып жатқандықтары туралы баяндады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: