Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАНДАТУШЫЛАР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

АРАНДАТУШЫЛАР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАТЫН БОЛАДЫ2016 жылғы 1 мамырда әлеуметтік желілер мен мобильді қосымшаларда Қызылордада полиция қызметкерлерінің қолынан зардап шеккен делінген ер адамның фотосуреті тарап кетті.
Аталмыш ақпарат шындыққа сай келмейді және жалған әрі арандатушылық сипатқа ие.
1 мамыр күні Қызылорда облысында полиция қызметкерлері мен азаматтар арасында олардың дене жарақаттарын алуына, денсаулығы мен өміріне зиян туғызатын салдарлардың орын алуына ықпал ететін қақтығыстар орын алған жоқ.
Аталмыш фотосурет http://www.ajanshaberler.com/cinde-kopek-calandar-linc-edildi-41897.html сайтынан алынып, 2015 жылдың ақпан айында Қытайда болған оқиға екендігі белгілі болды.
Арандатушылық дерегі бойынша Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті тергеу жұмыстарын бастады. Арандатушылар жауапкершілікке тартылатын болады.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: