Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Биыл Қызылордада 81 көп қабатты үй жөнделмек

Биыл Қызылордада 81 көп қабатты үй жөнделмекҮстіміздегі жылы облыс бойынша 81 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 1814,2 млн. теңге бөлінді.
Оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша 1 751,2 млн. теңге қаралып, оған 2012 жылы басталған 25 үйдің жұмысын аяқтау және жаңадан 47 үйді жөндеу көзделген. Сондай-ақ Аралда 2, Қазалыда 1, Қармақшыда 2,  Жалағашта 2, Шиеліде 2 үйге осындай жұмыстар жүргізу жоспарланған.
Бүгінгі таңда, Қызылорда қаласы жоспарланған үйдің  5-нің жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Қалған үйлердің  жөндеу жұмыстары 85 пайызға орындалды. Сонымен қатар, облыстағы 5 аудан бойынша жоспарланған 9 үйлердің жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның 4-нің жұмыстары аяқталып, жұмысшы комиссиясымен қабылдануда.
2015 жылға облыс бойынша 115 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жалпы құны 1762,5 млн. теңгеге Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінім тапсырылды. Оның ішінде Қызылорда қаласында 50, Аралда 8, Қазалыда 14, Қармақшыда 13, Жалағашта 6, Сырдарияда 6, Шиеліде 10, Жаңақорғанда 8 үй жөндеу жоспарланып отыр.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: