Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАЛАҒАШТА ӘСКЕРИ ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ЖАЛАҒАШТА ӘСКЕРИ ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІЖалағаш ауданындағы білім беру ұйымдары оқушылары арасында «Сап және ән» байқауы болып өтті. Оны Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. 
Бұл шара 7-мамыр Отан қорғаушылар, 9 Мамыр – Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекелеріне арналды. Байқаудың мақсаты – мектеп оқушыларының бойында жоғарғы патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық, азаматтық борышы мен конститутциялық міндеттерін орындауға дайындық сезімдерін қалыптастыру болып табылады.
Байқау қорытындысымен № 31 орта мектеп оқушылары І, № 116 орта мектеп оқушылары ІІ, № 117, № 122 орта мектеп оқушылары ІІІ орынды иеленді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: