Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҮЗДІК САНИТАР ЖАСАҒЫ» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

 

Қызыл Ай облыстық филиалы қалалық Төтенше жағдай басқармасымен бірлесіп қала мектептері арасында «Үздік санитар жасағы» атты сайысын өткізді. 
Оқу жылы көлемінде Қызыл Ай филиалының қызметкерлері сайысқа қатысушы топтарға алғашқы көмек көрсету әрекеттерін үйретті.
Сайыс барысында балалар өрт-техника қауіпсіздігін сақтауға арналған көрмемен танысты. Көрме ұйымдастырушылары Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы. Сайыс жалпы 4 кезеңнен тұрды: саптық дайындық, газқағарды уақытқа қию, алғашқы медициналық көмек және сұрақ-жауап. Жарыс нәтижесімен №7 мектеп 1 орынды иеленсе, №23 мектеп 2 орынды жеңіп алды, ал №4 мектеп 3 орынды қанағат тұтты.
Осылайша қалыптасқан санитар жасақтары келешекте балаларға кездескен төтенше жағдайларға әрекеті мен алғашқы көмек көрсетуді пайдалануға мүмкіндік береді. Өмірде түрлі төтенше жағдайлар орын алатынын ескерсек, бұл оқушыларға берілген үлкен тәжірибе.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: