Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ИЛЬЯ ИЛЬИН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА АЛҒЫС АЙТТЫ

 

Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қайырлы таң, Қазақстан! Кеше отандастарымның қолдауын сезіндім, пікірлердің 99,9 пайызы жағымды. Осы үшін Сіздерге алғыс айтамын! АЛҒА ҚАЗАҚСТАН!", - деп жазды спортшы Instagram парақшасында.
Осыған дейін Илья Ильин Рио Олимпиадасына дайындалып жатқанын, соңына дейін күресетінін айтқан еді.
Еске салайық, маусым айының басында шетелдік ақпарат құралдары қазақстандық ауыратлеттердің қанынан допинг табылғаны жөнінде хабарлаған болатын. Олардың мәліметінше, Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло алдағы Олимпиада ойындарына қатыса алмауы мүмкін.
Кейін Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті қазақстандық спортшылардың "Б" допинг сынамаларының қосымша тексерілу процедурасын растап, бес зілтеміршінің қанынан табылған заттардың күмән туғызғанын хабарлады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: