Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАЛЫДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫҚазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратов мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. 
Аудан басшысы бұл күннің мемлекеттік қызметкерлер еңбегінің жоғары деңгейде аталып өтуі екендігін жеткізді: «Кез-келген мемлекеттің дамуы мен гүлденуі ең алдымен мемлекеттік қызметтің біліктілігі мен кәсібилігіне тікелей қатысты. Сондықтан ел басшылығы мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіруге ерекше назар аударып келеді».
Шара барысында мемлекеттік қызметкерлер ант берді, үздіктер облыс және аудан әкімдерінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен спорттық жарыстың жеңімпаздары арнайы медаль мен дипломға ие болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: