Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДЫҚТАР ОРАЗА АЙТЫН АТАП ӨТТІ

АРАЛДЫҚТАР ОРАЗА АЙТЫН АТАП ӨТТІБүгін Аралдық барша жамағат азанмен «айт» намазын өтеу мақсатында аудандық орталық мешітте бас қосты
Осы ретте мешітке жиналған қауымды аудан басшысы А.Мұхимов Ораза айтымен құттықтап:
- Рамазан - құлшылық пен сабыр, береке мен бiрлiк, мейiрiм мен қайырымдылық айы болса, Ораза айты көңілге сәуле төгіп, жанға жылу сыйлайтын, кеудесі иманға толы барша мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті мейрам! 
Ендеше қасиетті Рамазан айынан кейін келген Мүбәрак Ораза айт мерекесі баршамыз үшін құтты болсын! Аллаһ тағала елімізге бейбітшілік нәсіп етіп, қылған дұға-тілектеріңізді қабыл етсін! Әр жанұяда тек шаттық, қуаныш, береке болсын! Еліміздің егмендігі мәңгілік болсын!, - деп ізгі тілегін жолдады.
Ал, Алланың разылығы үшін бір ай бойы ауыз бекітіп, мұсылмандықтың бес парызының бірін орындаған жандар Рамазан айымен қимай қоштасып, мешіттен ауыз ашып, келесі Рамазанға есендікте жетулерін тілеп, мінәжат етті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: