Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА АСТАНА КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

ҚАЗАЛЫДА АСТАНА КҮНІ ТОЙЛАНДЫСарыарқа төсінде, Еуразия жүрегінде орналасқан еліміздің бас қаласы – Астана биыл 18 жасқа толды. Айтулы мерекені бүгін қазалылықтар ерекше көңіл-күймен атап өтті. 
Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов халықты Елорда күнімен құттықтап, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен бой көтерген Астана аз уақыт ішінде әлемдік деңгейдегі саяси, экономикалық және мәдени орталыққа, Қазақстанның мақтанышына айналғандығын атап өтті.
Шара барысында көп балалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградаларымен марапатталды. Сондай-ақ, ел дамуы жолында абыройлы еңбек етіп жүрген азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатын иеленді. Мереке аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына жалғасып, отшашумен аяқталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: