Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАР БОЙЫНША БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТТАРЫ ҮНЕМДЕЛГЕН

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАР БОЙЫНША БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТТАРЫ  ҮНЕМДЕЛГЕНҚызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасымен ағымдағы жылы жылы жалпы құны 4 млрд. 905 млн. теңгеге 12 мемлекеттік сатып алулар өткізілген. 
Осы өткізілген 12 мемлекеттік сатып алулар бойынша 87 млн. теңге бюджет қаржысы үнемделген.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Жанзира Ерсейтова баяндады.
Сондай-ақ, басқарма басшысы мемлекеттік сатып алу процестерінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларға да тоқталып өтті.
Жанзира Ерсейтова, Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы:
- Басқарманың бастамасымен «Мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу жүйесі» бағдарламасы жасақталып, ол бойынша барлық тапсырыс берушілерге қолжетімділік қамтамасыз етілді. Бағдарлама шеңберіне 2016 жылдың І жартыжылдығы бойынша Басқармада өткізілген 12 және кураторлық жасаған 14 мемлекеттік сатып алу бойынша 26 комиссия мүшелері және олардың 175 жақын туыстары, 106 әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат бағдарламаға қосылды.
Айта кетерлігі, басқарманың негізгі қызметі Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда және облыстық басқармаларда өткізілетін мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаржыны оңтайлы және тиімді пайдалануға бағытталған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: