Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАНЫП ОТЫР

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАНЫП ОТЫРБүгін Арал ауданының әкімі А.Мұхимов бірқатар әлеуметтік және құрылыс нысандарында жүріп жатқан ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысып қайтқан болатын. 
Аудан басшысы кезекті жұмыс сапарын Арал қаласындағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан №14 мектеп-лицейінің спорт залынан бастады. Одан соң №19 Арал аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіне барды. Бұл арада А.Мұхимов атқарылатын жұмыстар тізбегімен танысты жəне М.Мақатаев көшесінде жүріп жатқан жол жөндеу жұмысын және Т.Есетов көшесінің бойында жүзеге асып жатқан абаттандыру жұмыстарының барысын бақылап өтті. 
Содан кейін, аудандық орталық мешіттің жаңа ғимаратында болып, көне мешітті бұзу жұмыстарын бір апта көлемінде аяқтауды тапсырды. Ізінше мешіт алаңында абаттандыру жұмыстарын қолға алу қажеттігін тиісті сала басшысына жүктеді. 
Жұмыс сапары одан әрі аудан бойынша ұн шығарумен айналысатын зауыт жұмысының хал-ахуалымен танысуға жалғасты. Зауыт басшысының айтуынша «RANAR VIP PRODUKT» ЖШС аймақты қолжетімді бағадағы жоғары, сапалы өніммен қамтамасыз ете отырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартпақ. Аталмыш зауытқа күні кеше жеткілікті мөлшерде жоғары сұрыпты бидай өнімі жеткізілген. Таяу күндері серіктестік өз ісін бастап кетпек.
Ал, орталық коммуналдық базар аумағында басталған автотұрақ пен жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстарының жай-күйін көрген аудан басшысы орын алған бірқатар салғырттықтарды сынға алып, қала әкімі мен базар басшысына ескерту жасады. Сонымен қатар, Арал қаласындағы №62 орта мектептегі күрделі жөндеу жұмыстарының бүгінге дейінгі жұмыс нәтижесімен танысты. Құрылыс барысын көрген аудан әкімі қарқынды жұмыстардың сапасы мен қауіпсіздік шараларына, құрылыстың көрсетілген мерзімде аяқталуына ерекше мән берілу қажеттігін баса айтып, еңбектеріне сәттілік тіледі. Жалпы, жұмыс сапарында байқағанымыздай межеленген жұмыс барысы жоспарға сай жүргізілуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: