Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАРМАҚШЫДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНДА 55 БАЛАҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ҚАРМАҚШЫДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНДА 55 БАЛАҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ Қармақшы ауданындағы №250 мектеп-лицей базасында «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен ұйымдастырылған акцияға аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары оқу жылының басталуына аз ғана уақыт қалғанын, оқушылардың мектеп табалдырығын аттап, білімге ден қоятынын айтып ұстаздар қауымы мен балаларды құттықтады. Сондай ақ мектеп жасындағы аз қамтылған отбасы, көп балалы, толық емес отбасы балалары, ерекше көмек қажет ететін, жетім балалар, ата-анасының қомқорынсыз қалған балалар және әлеуметтік әлсіз топтағы балаларға қамқорлық танытып, оларға оқу құралдарымен, қажетті киім-кешекпен қамтамасыз еткен демеушілерге алғысын жеткізді. Кент орталығындағы мекемелер мен бөлімдердің, және кәсіпкер азаматтардың қатысуымен болған шарада 55 балаға көмек көрсетілді. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1-10 тамыз аралығында 60 балаға 300000 мың теңге көлемінде көмек көрсетілсе, алдағы уақытта «Петро Казакстан Кумколь Ресорсиз» компаниясының қолдауымен 50 балаға демеушілік жасалынады. Жалпы аудан бойынша «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 3942 оқушыға көмек көрсетіледі деп жоспарлануда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: