Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ КІРЕБЕРІС ҚАҚПАСЫ АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ КІРЕБЕРІС ҚАҚПАСЫ АШЫЛДЫ

 

ҚР Конституциясы күні мерекесі аясында Қызылорда-Шиелі бағытындағы қаланың кіреберіс қақпасының ашылу салтанаты ұйымдастырылды. 
Дәл осындай қақпа Қызылорда-Тереңөзек бағытында да салынуда. «УАД» ЖШС демеушілігімен салынған Шиелі-Қызылорда, Тереңөзек-Қызылорда бағыттарынан қалаға кіре беріс қақпалар құрылысының жалпы құны 120 млн. теңгені құрайды.
Бұл жоба осыдан екі жылдай бұрын қолға алынған еді. Облыс басшысының тапсырмасына сәйкес қаланың негізгі 2 бағытындағы кіреберіс қақпаларының эскиздік жобаларын әзірлеген. Оның алғашқысы – Шиелі, екіншісі– Тереңөзек бағытындағы жол бойында орнатылады деп көзделуде. Биіктігі – 15, ені 25 метрге жуық. Жүк көлігі мен автобустың өтуіне ыңғайлы. Қақпаның орта тұсына «Қызылорда» деген жазу түседі. Сәулеттік келбетінде ұлттық нақыш та ұмыт қалмады. 
Ал Тереңөзек бағытындағы қақпада шығыстық мәнерге мән берілмекші. Осыған орай ол арка тәрізді пішінде жасалады. Одан жүк көлігі мен автобустар емін-еркін өте алады. Биіктігі – 12, ені – 18 метр. Қақпаның биіктігі жүк көлігінің өтуіне есептелген. Конструкциясы металдан жасалып, ұлутас немесе фибробетонмен әрленбек. Сонымен қатар, ұлттық нақышта жасалған темір тор қақпаның сәулеттік келбетіне ерекше әсемдік беретін болады. 

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ КІРЕБЕРІС ҚАҚПАСЫ АШЫЛДЫ

 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: