Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

 

Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні облыс әкімі Қ.Көшербаев «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде барша мұсылманды ұлық мейрамымен құттықтады. 
Қасиетті айт күндері барша мұсылман қауымы ізгілікті амалдар жасауға асығады. Әр бір мұсылман баласы айтта тек қана құрбандық шалумен шектелмей, ағайын-туысына, мүгедектер мен мұқтаж жандарға, көршілері мен жетімдерге қол ұшын беріп, қайырымдылық пен қамқорлық таныту арқылы қоғамның тұтастығына, ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашады.
- Бүгінгі «Құрбан айт – мерекесі» діні мен ұлтына бөлінбестен, барша Отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке, бір-біріне мейірімді де қайырымды болуға шақыратын ұлық мереке.Ұлық мереке құтты болсын, құрметті ағайын! Қасиетті күндердегі ізгі амалдарыңыз бен ниеттеріңізді Алла тағала қабыл етсін! Құрбан айт әрбір отбасына амандық, елімізге бірлік пен ынтымақ әкелсін. Құрбан айт мүбәрак болсын,- деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. 
Ізгі тілектерден соң құрбан шалынып, Құран бағышталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: