Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЛА КҮНІ МЕРЕКЕСІНДЕ «МЕРЕЙЛІМ» БАЛАБАҚШАСЫ АШЫЛДЫ

ҚАЛА КҮНІ МЕРЕКЕСІНДЕ «МЕРЕЙЛІМ» БАЛАБАҚШАСЫ АШЫЛДЫҚала күні мерекесінде әлеуметтік нысандар қатары «Мерейлім» балабақшасымен толықты. 
«Ақмешіт» мөлтек ауданындағы 80 орныдық балабақшада 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндер тәрбиеленетін болады. Облыстық мәслихат депутаты Әбдімәжит Жансақаловтың демеушілігімен және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде салынған нысанның жобалық-сметалық құны 200 млн. теңгені құрайды. 
Облыс әкімі Қ.Көшербаев аймақта «Балапан» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан ауқымды істердің маңызына тоқталып, қаланың кішкентай тұрғындарына арналған нысанның ашылуымен құттықтады. 
- Қазір біз білектінің емес білімдінің заманында, Қазақстанның алтын ғасырын жасау кезеңінде өмір сүрудеміз. Бүлдіршіндеріміздің бақыт шапағатына бөленіп, балғын балалықтың базарында өмір сүрулеріне барынша жағдай жасау біздің басты мақсат-міндеттеріміздің бірі деп білемін.Сондықтан да, осындай ертегі әлеміндегідей әсем сарайды тұрғызып, балаларға қуаныш сыйлап отырған Әбдімәжит Әлмағамбетұлына рахметімізді айтамыз! Қашаннан қабат келген тойды жақсылыққа жорыған ырымшыл халықтың ұрпағы ретінде, бүгінгі балапандарыңыздың осындай жаңа да зәулім ғимаратта өмірдің жаңа белесіне аяқ басуы да жақсылықтың нышаны. Бөбектеріміз білім, тәрбие нәрімен сусындап, еліміздің ертеңі болар ел тұтқасына айналсын,- деді Қ.Көшербаев. 
Қызылорда қаласы бойынша «Балапан» бағдарламасы аясында 3 пен 6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамтылған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: