» » ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ШЫНЫ ЗАУЫТЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ШЫНЫ ЗАУЫТЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ШЫНЫ ЗАУЫТЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

 

Қала күнінде аймақ басшысы өңір экономикасына ықпалды жобаның құрылыс барысымен танысты.
Қызылордада ҚР Үкіметінің қолдауымен «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ-мен бірлесіп шыны зауытының құрылысы басталған болатын.. 
Зауыттың жалпы құны 52,1 млрд. теңгені құрайды. Ал жобаның стратегиялық инвесторы – АҚШ-тың «Steward Engineers» компаниясы. Оған Қызылорда қаласындағы индустриалды аумақтан 50 га жер телімі бөлініп, жобаның инженерлік-инфрақұрылымдық жұмыстары жүргізілуде. 
Жуырда зауыт қоймаларының құрылысы аяқталып, барлық құрал-жабдықтары әкелінеді. Шыны зауыты 2017 жылдың екінші жартыжылдығында қолданысқа беріледі. Зауыт жылына 197 мың тоннадан астам табақша шынысын шығарады. Кәсіпорын толықтай аяқталғанда энергия үнемдеуші, оқшауланған, ламинатталған және айна өнімдерін жасап шығаратын болады. Толық іске қосылғанда тұрақты 300 жаңа жұмыс орны ашылады.