Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА «СОЛТҮСТІК» САПАРЖАЙЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «СОЛТҮСТІК» САПАРЖАЙЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІҚала күні мерекесінде «Солтүстік» сапаржайы қызылордалықтардың игілігіне тапсырылды. Аймақ басшысы сапаржайдың ашылу салтанатына қатысып, қала жұртшылығын мерейлі мерекемен қатар келген қуаныштарымен құттықтады. 

- Осы игілікті істердің бастамасы ретінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде «Романов и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қаражаты есебінен бұрынғы автобус паркі ғимаратын толықтай қайта жаңғыртудан өткізіп «Солтүстік» сапаржайын қала тұрғындары мен қонақтарының игілігіне тапсыруды мақсат етіп отыр. Жаңа сапаржайдан жасаған сапарларыңыз сәтті, жолдарыңыз оң болсын,- деді Қ.Көшербаев.
Бұрын қаланың оңтүстік бөлігінде орналасқан орталық сапаржайдан облысымыздың оңтүстік аудандары мен Шымкент, Алматы қалаларына ғана автобустар қатынаса, облысымыздың солтүстік қатынайтын автобустары «Солтүстік» сапаржайынан жүреді. 
Осыған дейін қала тұрғындарының қоғамдық көлікке деген сұранысын қанағаттандыру және қаламыздағы көлік қатынасын дамыту мақсатында жергілікті бюджеттен бөлінген 500 млн. теңгеге экологиялық таза, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді 20 автобус алынған болатын. Осы жобаны жалғасын тауып, «Байқоңыр» ӘКК және «Еуропалық қайта құру даму» банкі арасындағы келісімге сәйкес биыл «Қызылорда Автобус паркі» 92 дана жаңа автобуспен толықтырылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: