Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА 350 ПӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА 350 ПӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында жаңа «Сәулет» мөлтек ауданында «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамы арқылы салынған 350 пәтерді құрайтын 7 көпқабатты тұрғын үйі ел игілігіне берілді. 

Қала күні мерекесінде облыс әкімі Қ.Көшербаев баспаналы болған қызылордалықтарды қабат келіп жатқан қуаныштарымен құттықтап, пәтер кілтін табыстады.
- Биылдың өзінде 80 көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы жүргізіліп, үш жылда Қызылордада жаңадан 11 шағын аудан бой көтерді. Оның бірінде өздеріңіз қоныс тепкелі тұрсыздар! 2016 жылдың қаңтар айында құрылысы басталған осы ауданда, бар-жоғы 9 айда осындай сапалы да зәулім үйлерді тұрғызған мердігер мекеме «Астана Әсем Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барша қала тұрғындарының атынан рахметімізді айтамын. Жаңа қоныстарыңыз құтты, ырысы мол болсын,- деді аймақ басшысы Қ.Көшербаев. 
Айта кетейік, облыс бойынша құрылыс көлемі 3,5 есеге, Қызылорда қаласында аталған көрсеткіш 8 есеге артты. Сонымен қатар соңғы үш жылдың көлемінде Қызылорда қаласы бойынша жалпы ауданы 265 мың шаршы метрді құрайтын, 3 мың 502 пәтерлік 82 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: