Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕДЕ 942,6 ТОННА ӨНІМ САТЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕДЕ 942,6 ТОННА ӨНІМ САТЫЛДЫ

 

25 қыркүйек күні қала күні мерекесіне орай ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аралады. 
Онда Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған ауданының тауар өндірушілері нарық бағасынан төмен бағада халыққа өз өнімдерін ұсынды. 
Барлығы 290 көлік қатысып, 942,6 тонна өнімдер нарық бағасынан 10-15 пайыз арзан бағада сатылды. 
Осы жәрмеңкеде 291 тонна көкөніс өнімдері, 220 тонна қауын-қарбыз, 25,4 тонна балық өнімдері, 2 тонна қымыз, шұбат, 20,2 тонна ет өнімдері, 120 тонна ақ күріш, 670 бас қой-тоқты және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: