Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«STOP ТРАФИК» ШАРАСЫНДА 6 ҚЫЛМЫСТЫҢ БЕТІ АШЫЛДЫ

«STOP ТРАФИК» ШАРАСЫНДА 6 ҚЫЛМЫСТЫҢ БЕТІ АШЫЛДЫ

 

Ағымдағы жылдың 13-15 қыркүйек аралығында Қызылорда облысы аумағында адам саудасына байланысты қылмыстарды ашу, ескерту, жолын кесу және еңбегін қанау мақсатымен адамдарды ұрлау және бас бостандығынан айыру саласындағы қылмыстарды анықтау мақсатында «STOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілген болатын.
3 күнге созылған шара барысында полиция қызметкерлерімен рейдтік жұмыстар жүргізіліп, 6 қылмыстың беті ашылса, қоғамдық орындарда тиісу дерегі бойынша 8 азаматқа әкімшілік шара көрілді, деп хабарлады ОІІД баспасөз қызметі.
Мәселен, 13 қыркүйекте Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел іс-шаралар барысында 1977 жылы туылған қала тұрғыны ұсталды. Аталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігімен, яғни жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты пайдакүнемдік мақсаттағы жеңгетайлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: