Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СОТ ІСТЕРІ САРАЛАНДЫ

СОТ ІСТЕРІ САРАЛАНДЫ

 

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық сот Елбасының Ұлт жоспары 100 нақты қадамынан туындаған міндеттері және 2016 жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған шаралары бойынша БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді. 
Брифинг барысында облыстық соттың алқа төрағасы Б. Қалымбет қылмыстық істер бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. 
Сондай-ақ, облыстық соттың судьясы Г.Таңатова азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі атқарылған шаралар мен қараша айында республика судьяларының кезектен тыс VIІ съезі өтетіндігін атап өтті. Аталмыш съезде судьялардың жаңа әдеп кодексі қабылданады деп жоспарлануда. 
Сонымен қатар, брифингте облыстық соттың судьясы, баспасөз қызметін үйлестіруші А. Наримов Қазақстан Республикасы соттарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл тұжырымдамасы бекітілгендігін мәлімдеді. 
Бұл өз кезегінде БАҚ өкілдеріне сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етіп, халыққа жаңалықтардың дер кезінде жетуіне тиімді және халықтың сотқа деген сенімі мен азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: