Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

КӨШБАСШЫ ӘЙЕЛДЕР МЕКТЕБІ ҚҰРЫЛДЫ

КӨШБАСШЫ ӘЙЕЛДЕР МЕКТЕБІ ҚҰРЫЛДЫ

 

Өткен сенбіде облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жанындағы «Көшбасшы әйелдер мектебінің» тұсаукесері болды, деп хабарлайды «Сыр бойы» газеті.
Онда комиссия төрағасының орынбасары, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова құрылымның жұмысы қоғамда әйелдердің беделін көтере отырып, олардың көшбасшылық қасиетін дамытуға бағытталғанын алға тартты.  
Көшбасшы әйелдер мектебінің негізгі міндеттеріне тоқталған комиссия хатшысы Бибігүл Үмбетова өңіріміздің қоғамдық және саяси жұмыстарына әйелдерді көбірек тарту керектігін, сонымен қатар әйелдердің біліктілігін дамытуда да көптеген бағдарламалардың жүзеге асатынын айтты. 
Қазіргі таңда нәзікжандылар шағын бизнестен бастап мемлекеттік басқару жұмыстарында да белсенділік танытуда. Бір қолымен бесік, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар өмірдің қай саласында да жетістіктерге жетіп, ер азаматтармен қатар белсенділік танытуда. Сондықтан да өз замандастарына өмір жолымен, көшбасшылық қасиетімен үлгі боларлық әрбір қыз-келіншек бұл мектептің мүшесі болуға әбден лайық. 
– Жыл соңына дейін Көшбасшы әйелдер мектебінің тренерлері мен спикерлері түрлі тақырыптарда оқу-семинарларын өткізеді. Мұндай семинар-тренингтер әйелдерге отбасында, қызметте қарым-қатынасты жақсартып, өңіріміздің қоғамдық жұмыстарына белсенді араласуға көмектеседі, – дейді Көшбасшы әйелдер мектебінің басшысы Айжан Шегенова.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: