Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫНЫҢ СҮТ ӨНІМДЕРІ ТМД БОЙЫНША ҮЗДІК АТАНДЫ

ҚАЗАЛЫНЫҢ СҮТ ӨНІМДЕРІ ТМД БОЙЫНША ҮЗДІК АТАНДЫ

 

Қызылорданың сүті экспортқа шығарылмақ, деп хабарлайды 24.kz
Қазалы ауданында Индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде ашылған агрокешен аймақ тарихында алғаш рет шикі сүтті терең өңдеп, голланд ірімшігін жасап шығарды. Алғашында шетелден 660 бас сиыр әкелген фермада қазір түлік саны мың жарымнан асты. Асылтұқымды бұқалар саны 220-ға жеткен. Ауысымына 30 тонна шикізат өңделетін кәсіпорында 20 түрлі сүт өнімі әзірленеді. Қазір Қазалының агроөнімдері Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау және Алматы облыстарына саудаланып жатыр. Өңірде сүт кластерін толық жолға қойған кәсіпорын жүйелі ұйымдастырылса, қаладан жырақ жерде де ірі өндіріс орындарының жұмысын өрге сүйреуге болатынын дәлелдеп отыр. ТМД Экономикалық кеңесінің шешімі бойынша таяуда ғана агрокешен достастық елдері сыйлығының дипломанты атанды. Бұл марапат 3000 адамға дейін жұмысшысы бар, азық-түлік пен ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін кәсіпорындардың жетістіктері үшін беріледі. Халықаралық сапа сеніміне ие болған агрокешен енді өзге елдер нарығына шығуды жоспарлап отыр. Жеңіс Қарабалаев, агрокешеннің атқарушы директоры: - Мал басын 1200-ге жеткізу керек ол үшін. Бүгінгі таңда 500 бас сауып тұрмыз. Сол 2 есе болу керек. Сүт сауу орны 1200 орынға, ал салынған кешен 660 басқа арналған. Әлі де жартысын салсақ деген мақсаттамыз. Барлық бизнес-жоспары, нобай-сызбасы дайын тұр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: