Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«ҚАЗПОЧТА» АҚ МЕН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

«ҚАЗПОЧТА» АҚ МЕН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫОблыс әкімдігінде аймақ басшысының қатысуымен электрондық коммерцияны дамыту жөнінде халықаралық І интернет-форум өтті. 
Форумда еліміздегі e-commerce саласындағы мамандармен және шетелдік сарапшылармен онлайн байланыс орнатылды. Бұған «Қазпочта» АҚ басқармасының төрағасы Бағдат Батырбекұлы, онлайн байланыс жүйесі арқылы Ресейлік Интернет саудасы компаниясы қауымдастығының атқарушы директоры Артем Соколов, Қазақстандық Интернет бизнесі қауымдастығының президенті Константин Горожанкин және ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов қатысты. Аталмыш жиында электрондық коммерцияны дамыту арқылы отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету, онлайн-сауда жүргізудегі электрондық ақшаның рөлі, көлеңкелі экономиканы азайту сынды мәселелер қозғалды. Сонымен қатар онлайн-сауда жүргізуде кейбір келеңсіздіктер кездеседі. Мәселен, интернет арқылы сауда орыс тілінде жүзеге асады. Биылдан бастап «Қазпочта» АҚ қолданушылар үшін қолайлы жағдай жасамақ. Кәсіпкерлер өнімін «Қазпочта» сайтына орналастырып, оны сатылымға шығара алады. Айта кетейік, мұның барлығы тек қазақ тілінде жүзеге асырылады. Осы мақсатта облыс әкімдігі мен «Қазпочта» АҚ өзара әріптестік аясында меморандумға қол қойды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: