Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ШИЕЛІДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН АШЫЛДЫ

 

Шиелі ауданында тұрмысы төмен отбасыларды қолдауды жалғастыру мақсатында «Ізгі тілек, мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы аясында аудан орталығынан «Әлеуметтік дүкен» ашылды, деп хабарлайды «Қазақылықтың атамекені» қоғамдық қорының баспасөз қызметі.
Жалпы ауданы көлемінде бірде бір кіріс көзі жоқ 105 отбасы тіркелген. Көмекке зәру жандарға қайырымды жандардың демеушілігімен түскен тұрмыстық заттар мен киім кешек және азық түліктер тұрмысы төмен отбасыларға үйлестірілуде. Сондай-ақ, әлеуметтік дүкеннің ашылуы барысында 90 отбасыға (әр отбасыға 90 келіден) азық түліктер таратылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: