Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА АУЫЗ СУДЫҢ САПАСЫ 10 ЕСЕГЕ ЖАҚСАРДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА АУЫЗ СУДЫҢ САПАСЫ 10 ЕСЕГЕ ЖАҚСАРДЫҚызылорда облысында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және қайта құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Коммуналдық қызметтер- электр энергиясы, жылу және сумен қамтамасыз етуде  жоғары сапаға қол жеткізілді.  Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Әбдіхалықов хабарлады. 
- Жылу және электр энергиясы үзіліссіз беріліп келе жатыр. Аймақтан ең шалғай елді-мекендерін де электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесі түбегейлі шешілді. Ал,  электр желілерін тарту экономикалық тұрғыда тиімсіз жерлерге жасыл энергетика көздері пайдаланылады,- деді Әбдіхалықов.
Айта кетейік, аймақты орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қаматамасыз ету республикадағы ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі -95 пайызды құрайды. Қызылжарма жерасты су қоймасынан таза су тарту арқылы  Қызылорда қаласындағы  ауыз судың сапасы 10 есеге жақсарды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: