Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ – ТҰҒЫРЫҢ СЕНІҢ БИІКТЕ» БАЙҚАУЫ

 


 ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай
әлеуметтік желі қолданушылары мен блогерлер арасында
«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ – ТҰҒЫРЫҢ СЕНІҢ БИІКТЕ» 
облыстық эссе байқауы
 ЕРЕЖЕСІ
І. Жалпы ережелер
1.1. Әлеуметтік желі қолданушылары және блогерлер арасында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте» эссе байқауын (бұдан әрі – байқау) Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Медиа Жұлдыз» ҚҚ өткізеді.
ІІ. Байқаудың мақсаты мен міндеті: 
2.1. Байқаудың мақсаты - Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін, әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуын және Отанымыздағы татулық пен бірлікті  көркем мазмұнда бейнелеген  үздік эссені анықтау. 
2.2. Байқаудың міндеті:
- Облыс тұрғындарының бойында отаншылдық сезімдерін қалыптастыру, ширек ғасыр толған Қазақ елінің жетістігін кеңінен насихаттау; 
- әлеуметтік желі қолданушылары мен блогерлердің шығармашылық қабілеттіліктерін, көркемдік-эстетикалық дүниетанымын дамыту және қолдау, әлеуметтік жауапкершілігін, патриоттық позициясын қалыптастыру;
- қоғамдық келісімді, қазақстандық патриотизмді, рухани мәдениеттілікті нығайтуға ықпал жасау;
ІІІ. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, мерзімі
3.1. Байқау осы Ереже жарияланған күннен басталады. 
3.2. Байқауға жіберілген эсселер 2016 жылдың 16 қарашасы  мен 1 желтоқсан аралығында  қабылданады.
3.4. Әрбір байқауға қатысушы мекен-жайын және телефон нөмірін көрсеткен мәлімдемесін дайындап, сондай-ақ жеке куәлігінің көшірмесін тапсырады.
3.5.Өтініштер мен байқау жұмыстары «Эссе байқауына» деген белгімен media_zhuldyz@mail.ru электронды почтасына жолдануы қажет. 
3.6. Байқау жұмыстары байқаудан кейін рецензияланбайды және  қайтарылмайды
IV. Байқаудың шарттары
4.1. Байқауға облысымызда тұратын әлеуметтік желі қолданушылары мен блогерлер қатыса алады;
4.2. Бір автордан бір ғана шығармашылық жұмыс қабылданады;
4.3. Құжат А4 пішінді ақ қағазда Microsoft Word редакторында басылады, қарпі - Times New Roman; кегль-14; ақ жолақ шеті: сол жақ-3см,жоғарғы, төменгі және оң жақ-2см.
Байқауға ұсынылатын материалдар келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
– эссенің байқау мақсатына сәйкестігі;
– айқындық, дәлдік, тақырыпты толық ашу;
– материалдың әсерлілігі және дұрыс бағыты;
– эссенің жан-жақтылығы, кәсіби деңгейі;
–материалды берудегі өзіндік ерекшелік;
–тұрғындар арасында белсенді өмірлік позицияны қалыптастыру, қазақстандық потриотизмге тәрбиелеу;
V. Байқауды өткізу тәртібі және қорытындылау
5.1. Байқаудың ұйымдастыру жұмыстарын «Медиа Жұлдыз» қоғамдық қоры жүзеге асырады. 
5.2. Байқау материалдарын қарауға және номинациялар белгілеу үшін байқау комиссиясы құрылады. 
5.3. Байқау комиссиясы қатысушылардың жұмысын байқау тақырыбы, мәтіні  бойынша бағалайды.
5.4. Байқауды қорытындылайтын және оны бекітетін байқау комиссиясы. Байқау комиссиясының әрбір мүшесі қарастырылған жұмыстар бойынша хаттама толтырады.
5.5. Байқаудың түпкілікті қорытындысы 2016 жылдың желтоқсанының алғашқы онкүндігінде өткізіледі.
5.6. Байқау жеңімпаздары дипломдармен, арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Мекен- жайы:
Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі н/з,
«Сыр Медиа» ЖШС ғимараты, 332 кабинет,
«Медиа Жұлдыз» ҚҚ.
e-mail: media_zhuldyz@mail.ru
Байланыс тел.: +7747-817-49-28
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: