» » АГРАРЛЫҚ СЕКТОРҒА КӨРСЕТІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ АРТА ТҮСТІ

АГРАРЛЫҚ СЕКТОРҒА КӨРСЕТІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ АРТА ТҮСТІ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар
2016 жылы аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдау өткен жылмен салыстырғанда 11,1% артып 9,1 млрд. теңгені құраған. Бұл жөнінде облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің мәлім етті.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бекішев хабарлауынша, ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі 2016 жылдың 11 айында 3771,5 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 3,1 есеге артты. Сондай-ақ, тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 334,8 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге артты. 2016 жылы облыс бойынша 168,5 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. 
2015 жылмен салыстырғанда егіс көлемі 1212 гектарға артық егілді. Негізгі дақыл күріштен 439,8 мың тонна  күріш салысы жиналып, күріштің әр гектарынан 54,9 центнерден өнім алынды. Майлы дақылдардан 5003 тонна өнім жиналса, мақсары дақылының орта өнімі гектарына 8,2 центнерді құрады. Сонымен қатар, 4755 га картоп, 4992 га көкөніс және 7196 гектар бақша дақылдары жиналып, 73038 тонна картоп (61552 тонна - 2015 ж.), 96732 тонна көкөніс (84814 тонна – 2015 ж.) және 151514 тонна бақша өнімдері (130270 тонна – 2015 ж.) жиналды. Тұқым шаруашылығына мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында, себілген тұқымның 99,7 пайызы жоғары репродукциялы тұқымды құрады. Машина-трактор паркі 55,9%-ға жаңаланды.
Айть кетерлігі,  2017 жылы егілетін егіс көлемі облыс шаруашылықтарымен, су шаруашылығы және жер қатынастары басқармасымен келісіліп, 168,7 мың  гектарға егiс егу межеленген.