» » АРАЛ МЕН ҚАЗАЛЫ АУДАНДАРЫНДА ЭЛЕКТР ҚУАТЫНДА ІРКІЛІС БОЛДЫ

АРАЛ МЕН ҚАЗАЛЫ АУДАНДАРЫНДА ЭЛЕКТР ҚУАТЫНДА ІРКІЛІС БОЛДЫ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

 

Үстіміздегі жылдың 8-9 қаңтар аралығында Арал, Қазалы аудандарында күн райы күрт өзгеріп, ауа ылғалдығы 92 % құрады. 
Ауаның жоғары ылғалдығы салдарынан электр желілерінде 15 см-ге дейін мұз қатып, электр желілерінің өшуіне әкеліп соқты. 
Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәлімдеуінше орын алған апатты жағдайды қалпына келтіру үшін 105 маман және 25 арнайы техника жұмылдырылған. Қазалы ауданына 9 автономды дизель электр станциясы жіберілді. 
10 қаңтар сағат 17:05-те Қазалы ауданының Л-107 электр желісі іске қосылып, сағат 18:07-де Арал ауданының Л-109 электр желісі қалпына келтіріліп, Әйтеке би кенті мен Арал қаласына электр қуаты берілді.
«Бүгін жұмыс күнінің аяғына дейін Қазалы ауданына қарасты елді мекендердің 90% электр жарығына қосылады. Ал, Арал ауданындағы ауылдардың арақашықтығының ұзақтығына және жолдардың қазіргі жағдайына байланысты алдағы күндері жөндеу жұмыстары толық аяқталатын болады. Жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. (бірінші кезекте Сексеуіл ауылы мен Жақсықылыш елді мекені). 
Тұрғындарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырамыз» делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.