Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СЫРДАҒЫ СУДАН ҚАУІП ЖОҚ

СЫРДАҒЫ СУДАН ҚАУІП ЖОҚЖыл басынан бері Қызылорда қаласы, Сырдария және Жалағаш аудандары тұсындағы Сырдария өзенінің деңгейі айтарлықтай төмендеген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қоршаған орта және су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Ж. Нұрсейітов хабарлады.
«Өздеріңізге белгілі, өткен жылы Жалағаш және Қармақшы аудандарының тұсында суға қатысты біршама қиыншылықтар туындаған болатын. Аталған мәселелерге қатысты орын алуы мүмкін жағдайларды сейілту - су қоймаларындағы резервтер есебінен жүргізілуде. Кезінде төменге қарай 1 мың текше метр су жіберілген болса, қазіргі таңда жіберіліп жатқан су көлемі 700 текше метрге дейін төмендеді. Аталған 700 текше метр судың 400 текше метрі Көксарай су қоймасына құйылуда. Осының әсерінен Сырдария өзеніндегі су деңгейі тағы да төмендейтін болады. Қызылорда облысының төңірегіне түсіп жатқан су көлемін секундына 300 текше метрге дейін азайтуға қол жеткізу – қауіпсіз жағдай туғызуға оң ықпал етеді» - деді инспекция басшысы. 
Айта кетерлігі, қаңтар айының басынан бері Қызылорда қаласы тұсындағы судың деңгейі 1 метрге дейін, Сырдария және Жалағаш аудандары территориясындағы су көлемінің деңгейі 70-80 см дейін төмендеген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: