Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АЙМАҚТАҒЫ ДІНИ АХУАЛДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

 

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А.Қайруллаевтың төрағалығымен "Облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру жиыны өтті.
Жиында Дін мәселелерін зерттеу орталығынің бөлім басшылары Ж.Жүсіп, Ж.Дәрібаев, сондай-ақ, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы орталықтың бөлімше меңгерушілері атқарылған жұмыс аясында өз баяндамаларын жасады. 
Жиында аймақтағы діни ахуалдың тұрақтылығы, ҚР "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңының сақталуы, ҚР "Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын" іске асыру, мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру мақсаттарында атқарылған шаралар талқыланды.
Сонымен қатар, отырыс қорытындысы мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың бағыт-бағдары айқындалды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: