Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛМЕК

БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛМЕК2014-2016 жылдарға арналған Байқоңыр қаласының, Төретам мен Ақай елді-мекендерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенінді жоспары шеңберінде Байқоңыр қаласының инфрақұрылымын бірлесіп дамыту бойынша жұмыстар атқарылды. 
Төретам кентінің 15 көшесі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 20 көше жарықпен қамтамасыз етілді. Ақай ауылдық округінде мемлекеттік және салалық бағдарлама негізінде көкөніс қоймасы, қонақ үй және қызмет көрсететін бірнеше нысандар салынуы жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Бақытбек Бекпанов мәлімдеді. 
Басқарма басшысының айтуынша, ҮАК аясында тұрғындарға медициналық қызмет көрсету бойынша келісімге қол жеткізілді. Өткен жылдың тамыз айынан бастап Байқоңыр қаласында Қызылорда облыстық медициналық орталықтың филиалы жұмыс атқара бастады. 2016 жылы 26 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында Мемлекет басшыларының кездесуі аясында «Байқоңыр» кешеніндегі одан әрі ынтымақтастық Тұжырымдамасы бекітілді. Жалпы, Тұжырымдама келесі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған. «Байқоңыр» кешеніне ұзақ уақыттық перспективалық жұмысының дамуы, Ресей мен Қазақстан елдері «Байқоңыр» кешенін сақтап қалып, дамытып және пайдалануы, бірлескен жобаны іске асыру мен «Байқоңыр» кешенінің экономикасының алғышартын жасау болып табылады. Сонымен қатар, Тұжырымдаманың негізгі бағыттары қатарында өңірімізде жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау, Байқоңыр қаласының инфрақұрылымы мен тұрғын үйлердің қорын қамтамасыз етуді қолдап, жетілдіру, Байқоңыр қаласында тұрып жатқан ҚР азаматтарының констутициялық құқығын қорғау, «Байқоңыр» кешенінде туризмнің дамыту, ынтымақтастықтың механизімін іске асыру болып табылады.
Осы Тұжырымдама аясында Байқоңыр қаласында ұзақ мерзімді даму Бағдарламасын әзірлеу бойынша облыс әкімдігімен жұмыстар атқарылуда. Бұл жұмыстар Байқоңыр қаласының әкімшілігімен бірлесіп жүргізілуде. 
Бағдарламаның негізгі тиімді факторы - Байқоңыр қаласының дамуын қаржыландыру мәселесі. Осымен бірге, Байқоңыр қаласын Қазақстан Республикасы есебінен қаржыландырудың тәртібі мен шарттарының жобасы әзірленіп, қазір осы жоба бойынша жұмыстар жасалуда.

 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: